Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда мен еліміздің жеті өңірі бойынша боранға байланысты ескерту жарияланды

platon.asia, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 16:29 platon.asia
Нұр- Сұлтанда 24 ақпанда түннен басталған тұман таңертең де сейілмей тұрып алады.

Қазақстанның жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 24 ақпанда Қостанай облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қар бұрқасындатып, оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр епкінмен ұйытқиды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен ақ түтек боран борайды. Ақтөбеде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерінде де тұман болады. Нұр- Сұлтанда 24 ақпанда түннен басталған тұман таңертең де сейілмей тұрып алады. Дауылдың болу қаупі 85-90% құрайды.

24 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың болуы 90-95% құрайды.

Метеорологтар Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталғанын айтады. Дауылдың болуы 85-90% құрайды.

24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің күші секундына 15-20 метр екпінмен ұйытқиды. Петропавлда тұман күтіледі. Дауылдың болу ықтималдылығы - 90-95%

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Мұнда да қарлы боран ұйытқып соғады деп болжанады. Оралда тұман болады. Дауылдың болу ықтималдылығы - 90-95% құрайды. Боран оңтүстіктен қарама-қарсы бетке қарай ұйытқиды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: