Екі маскүнемнің кісі өлтіріп, оның әйелін зорлағаны ашылды
Ағымдағы жылдың 11 наурызында Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 102 пультіне "Жаңа дәуір" кентінің кәріз құдығынан зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ- да тіркелген.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс істеген 57 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер тұрғылықты жері жоқ 42 және 25 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қатыгез кісі өлімі мен зорлау деректерін мойындады.
Тергеу барысында күдіктілердің алкагольдік ішімдік ішкеннен кейін таңғы сағат 05.00 шамасында ерлі-зайыптылардың үйіне баса-көктеп кіріп, ер адамды ұрып, әйелін зорлағаны анықталды. Содан кейін олар зардап шеккен ерлі зайыптыны ауыл сыртындағы кәріз жүйесінің құдығына тастап, азаматты аяусыз ұруы мен әйелін қорлауларын жалғастырған. Ер адам алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Азаматша қаскүнемдерден қашып, полицияға хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің бірін "ізін суытпай" анықтап, содан кейін екіншісін қолға түсірген. Екі күдіктіде қамаққа алынды. Аталған деректер ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі, 121-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген, адам өлтіру дерегі ҚР ҚК 99- бабы 2-бөлігнің 7-тармағы бойынша қайта сараланды .