Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменнің мас тұрғыны "коронавирус жұқтырдым" деп қаланы дүрліктірді

inform-progulka.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 19:22 inform-progulka.by
Тұрғын — толық сау, есесіне ішімдік ішкен болып шықты. Яғни, өзіне қатысты жалған ақпаратты мастықпен айтқаны белгілі болды.

Өскемен қаласында коронавируспен ауыратынын айтып, арнайы қызметтің маманын алдап шақырып алған азамат ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 нөмірлі Сall-орталыққа 25 наурыз күні қоңырау түскен. Өскемен қаласының тұрғыны коронавирус жұқтырып алғанын хабарлайды.

Орталықтың операторына ол жақында Тайландтан келгенін, содан бері бірнеше күн бойы ЖРВИ белгілерін байқағанын айтқан.

Шақырылған мекен жайға жедел жеткен мамандар 39 жастағы азаматтан вирустық инфекцияның симптомдарын анықтамады. Тұрғын — толық сау, есесіне ішімдік ішкен болып шықты. Яғни, өзіне қатысты жалған ақпаратты мастықпен айтқаны белгілі болды. Жағдайға полиция араласып, азаматтың шетелге шықпағанын да анықтады. Жалған ақпарат бергені үшін өскемендік азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы 1-бөлігі (арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бап санкциясы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: