Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында асылулы табылған келіншекті күйеуінің бұрынғы әйелі өлтіргені рас па?

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 16:30 Ашық дерекөздерден алынды
"Арайлымды тек қорқытамын деп ойладым" деп ақталады әйел. Арайлым қолымдағы пышаққа абайсызда түсті деп отыр. Кейін мәйітті асып, өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетеді. Хат жазып, қалтасына салады.

Алматы облысында жәрдемақыға кеткен келіншек асылулы күйінде табылды. Кейіннен 44 жастағы әйел келіп оның өлімін мойынына алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол - марқұмның азаматтық некедегі күйеуінің бірінші әйелі. Арайлымның анасы Райгүл Омарованың айтуынша, қызы жәрдемақы алу үшін тездетіп әкімдікке баруы керек екенін айтып асығыс кеткен. Содан кейін қызын тірі күйінде көрмепті. Асылып қалған күйінде табылды.

Арайлым Байтарақова сол күні күйеуіне "құтқаршы" деген хабарлама жазады. Күйеуі Арайлымның үйіне келіп, мән-жайды айтады. Ата-анасымен бірге полицияға барғанда, ондағылар тек үш күннен кейін ғана іздеу жұмысы басталатынын айтады. Абдырап қалған әке мен ана, жолдасы ауыл еріктілерімен бірге іздеуге шығады. Бейне бақылау камерасы арқылы Арайлым мінген көлік анықталады. Алайда оны иесі бұл іске ешқандай қатысы жоғын айтып ақталады. Ертесі күні 44 жастағы Гүлбану Саурықова полицияға келіп, Арайлымды байқаусыз да өлтіріп алғанын мойындайды. Ол - Арайлымның азаматтық некедегі күйеуінің бұрынғы әйелі.

"Арайлымды тек қорқытамын деп ойладым" деп ақталады әйел. Арайлым қолымдағы пышаққа абайсызда түсті деп отыр. Кейін мәйітті асып, өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетеді. Хат жазып, қалтасына салады. "Сен маған берген уәдеңді орындамадың. Ақша үшін өз әйеліңді өлтірдің. Менің өліміне себепші деп күйеуінің аты-жөнін көрсеткен. Оның қайда жұмыс істейтінін толық жазған. Арайлымның ата-анасы оны не себепті толық жазған, біз күйеу баламыз туралы онсыз да жақсы білеміз деп күмәнданады. "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, облыстық полиция департаментіне жіберілді. Жәбірлеуші тарап Арайлымды бір ғана адам емес, бірнеше адам топ болып ұйымдастырғанына сенімді. Арайлымның артында екі баласы қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: