Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда сыбыс бойынша "әскер кіргізді" деген түрмені құқық қорғау өкілдері аралап көрді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 15:48 zakon.kz
Сондай-ақ теледидардан көрсеткен видео үндеу жасаушы сотталушымен де құқық қорғаушылар кездесті.

Маңғыстау облысында сотталғандардың жазасын қалай өтеп жатқанын өз көзімен көруі үшін олардың туыстары мен заңгерлерді түрмеге кіргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстаудағы колонияның жағдайын білуге келген адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдері карантинге қатысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, түрмені аралап көрді.

Бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД № ММ-172/6 тәртіп түзеу мекемесінің маңына сотталғандардың бір топ туысқандар жиналып алғандығы хабарланған болатын. Олар "түзеу мекемесіне әскер кіргізіліп, сотталғандарды ұрып-соғып жатыр" дегенді естіп, түрме маңына жиналған.

- Бәрін видоға түсірді. Сотталғандардың құқығын қорғау жөніндегі Ұлттық превентивті жүйе өкілі түрмеде жазасын өтеп жатқандардың әрқайсысынан "мұнда әскер кіргізілгені, олардың өздерін ұрып-соққаны рас па" деп жағалай сұрап шығады. Барлығы бұл сауалға жоқ деп жауап қатты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 15:48

Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері асханада, демалыс клубында және ұйықтайтын бөлмелерде де болды. Әр бөлмеде олар сотталушылармен сөйлесіп, жазасын өтеу кезіндегі жағдайлары туралы егжей-тегжейлі сұрап, кеңінен әңгімелесті.

Осыдан кейін түрме маңына туысқандары жиналған сотталушылармен бөлек жеке-дара әңгіме болды. Олардың әрқайсысынана түрме қызметкерлері немесе сотталғандардың тарапынан өздеріне зәбір көрсетілген-көрсетілмегені жайлы сұралды.

Сондай-ақ теледидардан көрсеткен видео үндеу жасаушы сотталушымен де құқық қорғаушылар кездесті. Олар оған ешқандай жаза болмайтындығына сендіре отырып, өз наразылығын қағаз бетіне түсіріп, арыз жазуды ұсынды, бірақ олар егер оның сөздері өтірік болса, жауапқа тартылуы мүмкін екенін де ескертті. Бұдан кейін сотталушы арыз жазудан бас тартты, делінген хабарламада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 15:48

Мекеме өкілдері бұл факт бойынша сотталушының ағасының арыз беруімен қылмыстық іс қозғалғанын да жеткізді. Қазір бұл материал әрі қарай процессуалдық тексеру үшін облыстық прокуратураға жолданған.

Түрмені аралап, сотталушылармен сөйлесіп, көрген-білгендерінің барлығын видеоға түсірген құқық қорғаушылар сотталушылардың туыстарымен кездесу өткізіп, өз видеоларын оларға көрсетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: