Топтасқан полиция қызметкерлері мен көптеген адамның видеосы желіде тарауда
Түркістан облысының Шорнақ ауылында жергілікті тұрғындар ауылдастарын "заңсыз әрекеттер жасауға" шақырды. Полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Түркістан облыстық полициясына әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің көзінше өз наразылығын білдірген бір топ адамның видеосы тарап жатқаны хабарланды.
Видео 21 шілдеде Кентау қаласына іргелес орналасқан Шорнақ ауылында түсірілгені белгілі болды. Онда полиция қызметкері алдын алған тұрмыстық жанжал болған. Азаматтардың жарақаттары мен тәртіпке бағынбауына қарамастан, полиция қызметкері күш, қару қолдануға жол бермеді. Учаскелік инспектор мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақаттанды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Сонымен іс тынғандай болған...
Дегенмен келесі күні арандатушылар Шорнақ ауылына жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын "заңсыз әрекет жасауға" шақырды.
Полиция қызметкерлері бұл әрекеттердің дереу алдын алды.
Қазір ауылдағы жағдай тұрақты. Облыс әкімдігі мен жұртшылық өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті.
Полиция төрт азаматты ұстады, олардың екеуі қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Бұзақылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.