Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция шарасыз. Алаяқтық құрбаны болған бала Президенттен көмек сұрайды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 04:01 видеодан кадр
Шымкентте сатып жіберген көлігін жаңа иесінен екі күнге сұрап алып, бір жыл бойы қайтармай жүрген адамға полиция түк істей алмады.

Әбдрайымов Бауыржан есімді азаматтың заңсыз әрекетінен жәбір көрген Асхат Жұман есімді Шымкент тұрғыны жергілікті полициядан қайыр таппай, енді ҚР Президенті мен ҚР Ішкі істер министріне арызданып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Әбдрайымов жасаған әрекетімен заң мен құқықтық қатынасты белшесінен басып отырғанға ұқсайды: көлігін сатып алған адамнан ақшасын алады, көлікті соның атына аударып та береді, бірақ көліктің өзін бермей жүр. Ең қызығы, полиция шарасыз. Құқықтық мемлекетте тұрса да, өзіне келгенде жалпыға ортақ құқық жүрмейтін Әбдрайымов Бауыржан деген қандай құдірет иесі екенін анықтау қажет сияқты.

– Мен Жұман Асхат Асқарбекұлы, Қазақстан Республикасының азаматымын!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа өтініш беру себебім: Осыдан 1 жыл бұрын Әбдрайымов Бауыржан деген жігіттен автокөлік сатып алдым. Сатып алған соң автокөлік заңды түрде автоЦОН-да менің атыма тіркелген. Бірақ көлікті менен екі-үш күнге сұрап алған Әбдрайымов Бауыржан содан бері автокөлікті маған қайтармай отыр.

Мен Шымкент қаласындағы құзырлы органдардың бәріне арыздандым. Арызым қабылданады, автокөлік айып тұрағына қойылады. Бірақ ертесінде автокөлік айып тұрағынан шығып кетеді. Шымкент қаласындағы барлық құзырлы органдарға тағы хабарластым. Олар "көмектесеміз, болды" деп қайтарады, ертесі күні келгенімде, бәрі енді көмектесуден бас тартып жатыр.

Осы істі қарауларыңызды өтінемін, – дейді жыларман күйге түскен Асхат Жұман.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: