Қарағандыда 45 жастағы ер адамды күндіз көше ортасында тонап кетті
polisia.kz
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде 24 жастағы жігіт анықталып, ұсталды
Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адамды күндіз көше ортасында тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ ЖБО-ға тонау туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен сағат 17.00-де белгісіз адам сауда үйінің бірінің жанында 45 жастағы ер адамға тап беріп, ашықтан ашық оның қолындағы 15 мың теңге шамасындағы ақшасын тартып алған. Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ СДТТ нысанында ҚР ҚК-нің 191-бабы “Тонау” бойынша тіркелген.
3 тамызда криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде 24 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript