Жаңалықтар тізбегі
0

Минискіден Нұр-Сұлтанға атышулы алаяқ экстрадицияланды

видеодан алынды видеодан алынды
Ресей азаматына еліміздегі ең ірі қаржы пирамидасы - "Questra World-ты" ұйымдастырды деп айып тағылған.

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қол жеткізді. Оған еліміздегі ең ірі қаржы пирамидасы - "Questra World-ты" ұйымдастырды деп айып тағылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ольга Клейнард еліміздегі алаяқтардың іс-әрекетін үйлестіріп отырған. Алаяқтардың айла-шарғысына мыңдаған қазақстандық түсіп, келтірілген залал мөлшері 1 миллиард теңгеден асады. Оны Беларусь Республикасының территориясынан ұстады, - дейді полициядағылар.

Жақында ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына тоғытылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ІІМ Questra World компаниялар тобының қылмыстық ісі бойынша сегіз адамды ұстаған. Олардың төртеуі - қаржы пирамидасының аймақтық филиалдарының директорлары болған Қазақстан азаматтары. Алаяқтық схема жалған инвестициялық портфельдерді сату туралы ақпараттарды веб-сайттарға орналастырып, сол арқылы бұл істің тасы өрге жүрген. Киберқылмыскерлер азаматтарға инвестициялардың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 300% дейін көлемде еселеп қайтарылатындығына уәде берген. "Questra World" қаржы пирамидасы басқа бірқатар мемлекетте де жұмыс істегені анықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз