Жаңалықтар тізбегі
0

Жеті жасар баланы пышақтап өлтірген күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2020 15:42 Pixabay
Жігіт мектепке бармаған, үйінде оқыпты, бірақ агрессивті болмаған. Көмектесіп жіберуін сұраған ауыл тұрғындарына, әдетте ол бас тартпапты.

Шығыс Қазақстан облысының Зубовск ауылында жеті жасар Эдуард Жилиевті өлтірді деген күдікті психикалық ауытқуы бар адам болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бала 29 тамызда есік алдында велосипед етуіп жүрген жерінен жоғалып кеткен. 30 тамыз күні кешке баланың денесі табылып, күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, жыныстық зорлық-зомбылықтың болмағаны белгілі болды.

AstanaTV репортажында куәгерлер ұсталған күдікті Жилиевтер отбасының көршісі болғанын, 20 жастағы жігіт екенін айтады.

Алдымен ата-ана баласын өз бетімен іздеген, содан кейін полиция көмегіне жүгінді. Жүзге жуық адам баланы іздеді. Олар қараусыз қалған ғимараттар мен құдықтардан, ормандар мен гараждардың бәрін сүзіп шықты. Аула-ауланы аралады. Бірақ бір күннен кейін ауыл маңындағы таудан Эдвардтың денесі пышақ жарақаттарымен табылды. Марқұмның анасының айтуынша, олар сол жерлерді қараған, тек олар таудың басына көтерілмеген. Сол күні күдікті, бұрынғы көршісі ұсталды.

- Полиция соңғы рет баланың жанынан көрген - Зубовск ауылының 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған фактіге қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Жергілікті тұрғындар ұсталған адамның психикасында проблемалар болғанын айтады. Жігіт мектепке бармаған, үйінде оқыпты, бірақ агрессивті болмаған. Көмектесіп жіберуін сұраған ауыл тұрғындарына, әдетте ол бас тартпапты. Күдіктіні сараптамаға әкелгенде дәрігерлер оның сау болғанын айтты.

- Оның есірткі немесе алкогольдік масаңдығы болған жоқ. Ал ақыл-есіне қатысты ештеңе айта алмаймын, оны дәрігерлер шешеді. Енді олар осы тұрғыда сараптама жасайды. Содан кейін дәрігер қорытындысын жазады, - дейді Алтай ауданаралық ауруханасының кезекші дәрігері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: