Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы үш баланың өлімі. Қайғылы оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 18:59 ҚР ТЖМ
Төтеншеліктердің айтуынша үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарды тілсіз жауды ауыздықтап жатқанда естіген. Бірақ ол кезде балғындарды кұтқарып қалу мүмкін болмаған.

Атырау облысы Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында өртенген шөптің арасынан үш бүлдіршіннің денесі табылды. Олар қуысқа кіріп кеткен күшікті құтқарамыз деп жанып кетті деген болжам бар, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары 7-8 жастағы үш ұлды іздеп түнімен шарқ ұрғанымен, үшеуінің сүйегі өрт сөндірілген соң, үйілген күлдің арасынан табылып отыр. Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылындағы үш бірдей әулет қайғыдан қан жұтып отыр. Ойын балалары жиналған шөптің арасына кірген күшікті құтқарамыз деп, қызыл жалын құшағында қалған. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қайғылы оқиға болған жер. Кеше кешкісін тұтанған шөп шамамен екі сағатқа жуық лапылдап жанған. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп өртті сөндірген. Алайда ауыл тұрғындары бықсып жатқан қалың шөптің арасында үш үйдің бүлдіршіні бар екенін білмеген. Тек түнгі сағат үш шамасында күлге айналған үйіндінің арасынан балалардың денесін тапқан.

Төтеншеліктердің айтуынша үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарды тілсіз жауды ауыздықтап жатқанда естіген. Бірақ ол кезде балғындарды кұтқарып қалу мүмкін болмаған. Тіпті өрт сөндірушілердің өзі өрт ошағында балалардың қалып қойғанын білмеген.

Жасұлан Ақтаев, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт 23 сағат 07 минутта толық сөндірілді. Алайда 6-қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен үш кәмелетке толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына үш техника, екі кинологиялық ит, полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған.

Ортақшыл ауылының жұрты полиция мен өрт сөндірушілерге өкпесі қара қазандай. Себебі құзырлы органдар таңғы үшке дейін үш баланы жанұшыра іздеген тұрғындарға олардың қайтыс болғанын естіртпеген. Марқұмның туыстары қаралы хабарды тек таңға жуық біліпті.

Ардақ Есбосынов, туысы:

- Біз іздеуге шыққанда, тұрды. Бірақ ешкімге ештеңе айтқан жоқ . Мен содан түсіндім. Жайықтың бәрін айналып келдік, қарап, аралап. Сосын айттым осы жерге барып дұрыстап сұрайықшы деп. Жұмбақ деп. Сосын барып тінтіп қоймай сұрағанда ғана айтты: "Жақсы, жігіттер, жиналыңдар! Үш бала бақилық болды", - деді. Ал оған дейін біз жарым сияқты іздеп жүрдік ...

Әділбек Ізғалиев, көршісі:

- Ана 22 мая жанған, баланы танымайсың. Қап-қара болып күйіп кеткен. Енді сарапшы алып кетті. Олар енді қанын алды, келіндерімізден. Балалардың генін қарайды ғой. Содан анықтайтын болар енді.

Қазір өрт талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал үш ұлдың мүрдесі туыстарына әзірге берілмейді. Мән-жайдың барлығы сот-медициналық сараптамадан соң анықталады.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: