Екі алматылық бойжеткен 16 жасар қызды мәжбүрлеп жезөкше қылған
tsn.ua
Оның мәліметтерін Интернетте жариялаған.
Алматыда екі бойжеткен алдау арқылы кәмелетке толмаған қызды бес ай бойы жезөкшелікке салған, деп хабарлайды zakon.kz.
Күдіктілер 16 жастағы қыздың мәліметтерін интернеттегі интимдік қызмет көрсетуге арналған жарнамалар арасына орналастырған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы, 1-бөлігі, яғни "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.
Полиция атап өткендей, жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандарына қажетті көмек көрсетіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript