Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда екі бала абайсызда қайтыс болды

sib.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 20:16 sib.fm
Бірі - 2017, екіншісі - 2018 жылғы.

Таразда үйден өрт шығып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазан күні таңғы сағат 9.57-де полицияға Тараздағы Ақмола көшесінің бойында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Оқиға орнын қарау кезінде тәртіп сақшылары 2017 және 2018 жылы туылған кәмелетке толмаған екі баланың денесін тапты. Өлімнің алдын-ала себебі - өрт тудырған көмірқышқыл газына улану. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - дейді полициядағылар.

Полиция ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерден қорғану ережелерін үйретуге шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: