Қайрат Нұртас пен күзетшінің төбелесі. Осы оқиғаға қатысты әншінің анасы түсінік берді
alashinform.kz
Бұл оқиға қыркүйек айында Ақтау қаласында орын алғаны рас болып шықты. Бірақ жағдай басқаша өрбіген.
Қыркүйек айының басында танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Ақтауда Каспий теңізі жағалауындағы қонақ үйдің күзетшісімен төбелескені туралы БАҚ беттерінде ақпарат пайда болды. Осы оқиғадан соң бір айға жуық уақыт өткенде әншінің анасы Гүлзир Айдарбеков ол кезде шын мәнінде не болғанын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
- ...Ол арада бір кісі маған гүл бергісі келіп, күзетшіден өзін жіберуді сұраған. Ал күзетші жүйкесі тозған адам ба, ол жағын білмеймін, өзі бірінші болып жүгіріп шығып, қол жұмсаған. Оның бәрі камерада тұр. Қайрат тек қана өзін қорғап қалған. Ол жерде Қайраттың ешқандай қатысы жоқ. Оның тұмсығын сындырған да басқа адам, төбелескен де басқа адамдар, біздің оған қатысымыз жоқ, негізі. Бірақ Қайраттың аты аталған соң "әйтеуір бір ақша жасап қалайын" деген ойлар да болған шығар. Сондықтан мынандай миллион бересіңдер ме деген сөз болды. Бірақ Қайрат: "Мен ешкімге ақша бере алмаймын, өйткені менің еш кінәм жоқ" деп айтты. Сондықтан Қайратты өз басым қолдаймын, оның ол мәселеге тіптен қатысы жоқ. Қолда видеожазбалар, дәлелдер бар, - деді әншінің анасы НТВ телеарнасына берген сұқбатында.
Маңғыстау облысының полициясы аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған, алайда оның нәтижелері әлі белгісіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript