Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдағы қайғылы жағдай. Марқұм жасөспірімнің әкесі мәлімдеме жасады

Астана ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 15:43 Астана ТВ
Қайғы жамылған әке "мердігер өкілдері баламды өзі құлағандай етіп көрсетуге тырысты" дейді.

Қостанай облысында топырақ астында қалған жасөспірім - колледж студенті көп балалы отбасының тұңғышы. Ол ауылда ауыз су тартып жатқан мердігер кәсіпорынға жұмысқа тұрғанына көп болмаған. Ауыл адамдарының айтуынша оны шұңқырға экскаватор абайсызда қағып құлатқан, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғы жамылған әке "мердігер өкілдері баламды өзі құлағандай етіп көрсетуге тырысты" дейді.

Сапарбек ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

- Ковщикпен бұрылып сеуіп жатқан бетте баланы қағып жіберген бастан. Ол анық көрініп тұр қаққаны. Бірақ енді құлап қалды, қазып алдық деп айтып жатыр. Бұл дұрыс емес негізі. Ешкім қоршамаған. Балалар жүгіріп қарғып жүр мысалы. Сол үлкен бастықтары қайда қарап жүр. Прораб, жоқ оның басында.

Қайғылы жағдайдан кейін ғана мердігерлер қазылған орларды ала жіппен қоршап, құдықтарды жауыпты. Кемшілігін кеш түсінген кәсіпкер, енді қылмыстық кодекстің 156 бабының 3 бөліміне сәйкес жауапқа тартылмақ. Егер кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Мұхтар ЖАЙЛАУБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Су құбырын жүргізіп жатқан мердігердің өзі, жеке кәсіпкердің өзі сол еңбекті қорғау қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: