Жаңалықтар тізбегі
0

Басшылықтағы былық, курсанттардың төбелесі: ІІМ академиясына комиссия сау ете түсті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 16:14 Pixabay
Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің академиясында елордадан комиссияның аттануына академия мұғалімдерінің үшбухаты мен жақында желіде пайда болған түнгі клуб алдындағы курсанттардың төбелесі түрткі болған.

Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің академиясында тағы да жанжал. Оқу орнының курсанттары топтасып төбелескені аздай, енді оқытушылары академия басшылығына қатысты арызданып жатыр. Президенттен бастап, жемқорлыққа қарсы агенттік пен ішкі істер министрінің атына жазылған хатта жемқорлық жайы жіпке тізіліпті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Елордадан да арнайы комиссия дереу жетіп, академиядағы күмәнді істерді майшаммен қарауға кіріскен. Қаладағы түнгі клубтың алдында бір топ адамның төбелесі. Мәліметтерге қарағанда, жаға жыртысқан түнгі клуб күзетшілері мен академияның 3-курсының курсанттары. Жұдырықтасқандарымен қоймай, пышақ жарақаттарын да алған көрінеді. Түнгі клубтың қожайыны аталған іс бойынша тергеудің енді басталғанын айтады. Өзі төбелесті көрмеген, күзетшілер де оған қатысуы мүмкін емес дейді ол.

"Оқиға 26-сы күні болған. Екі аптадан кейін келіп жаңағы шаруа туралы жауап алып жатыр. Бір болжамы, мына жерде күзетшілермен төбелескен дейді. Күзетшілер жабылған дейді. Ондай болған жоқ. Менде күзет жоқ, бәрін алып тастағанмын. Клубты өзім қараймын. Курсанттар дейді, білмейсің ғой, кімнің кім екенін. Мына жақта кейде өздері төбелесіп жатады, жастар ғой енді, ішіп алады", – түнгі клуб қожайыны Еркебұлан Сүлейменов.

Оқиға 26-қыркүйекте болғанымен, академия басшылығы мұны жасырып келген. Ақпарат желіге тарған соң ғана сең қозғалғандай. Шұғыл түрде ішкі стер министрлігінен арнайы комиссия келген. Жергілікті полиция да тексерісті бастады. Ал академия басшылығы тексеру аяқталмайынша, жарытып ақпарат беруге құлықсыз.

"Таралған ақпарат бойынша өндірістік іс қозғалды. Қарағанды полиция департментінің жеке құрам бойынша инспекциясы тексеріс бастады. Министірліктен комиссия келді. Осыдан басқа айтарым жоқ. Тексеріс қорытындысын кейін хабарлаймыз", – академия бастығының орынбасары Юрий Колесников.

Ұжымның басшыға қатысты жоғарыға жазған үшбу хаты бұл академиядағы жалғыз проблема емес. Хатта 5 нысанға құрылыс және жөндеу жұмыстары бір ғана фирманың ұтып алғаны жазылған. Алайда қаражат толық аударылғанымен, жұмыстар аяқталмапты. Оның үстіне жаңа басшы мұғалімдерді қудалап, білікті мамандар жұмысын тастап кетіп жатқаны да айтылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: