Тексеруге өткізген соң "жоғалып кеткен" бала мәйітіне қатысты полиция түсінік берді

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 16:51 rus.azattyq-ruhy.kz
Сәби өлімінің себебі де аталды.

Алматы облыстық полициясы нәрестенің өлімі және оның денесінің "жоғалып кетуі" оқиғасына қатысты ақпара таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейбір БАҚ өткен жылы 8 мамырда дүниеге келген шақалақтың бірнеше сағаттан кейін қайтыс болғанын хабарлады. Жас босанған әйелдің туыстары құжаттардағы қан тобы түзетілгенін және нәресте 7 мамырда, яғни тумай жатып ауырып қалды деп қате мәлімет көрсетілгенін айтты. Осыған байланысты ата-аналар қайтыс болған өз баласы екендігіне күмәнданды. Сондықтан олар мәйітті эксгумациялауды талап етті. Алматыдағы сараптама ешқандай нәтиже берген жоқ. Өткен қыста мәйіт Нұр-Сұлтанға жіберіледі. Содан ол әлі кері қайтарылмаған. Давыдовтар отбасы ДНҚ-тест нәтижесін сол күйі алмады. Олар сондай-ақ өздеріне нәрестенің өлімінің себептері туралы ешқашан айтылмағанын айтады.

Алматы облыстық полициясы баланың мәйіті жоғалмағанын, оның туыстары зерттеу есебімен танысқаннан кейін тапсырылатынын хабарлады.

- Алматы облысының полиция департаменті жүгінген Нұр-Сұлтан ХКБ мамандары сот-молекулалық-генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша В.В.Давыдова - қайтыс болған баланың анасы екендігінің 99.99999% ықтималдығы барын жеткізді. Жаңа туылған нәресте өлімінің себебі туа біткен екі жақты пневмония, жүктіліктің 33 аптасында үзілуі және тіндердің жетілмеуінен болған. Сәбидің денесі туыстарына олар сараптама қорытындысымен танысқаннан кейін беріледі, - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: