Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында кәсіпкерге жасалған қастандыққа қатысты күдіктілер ұсталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 15:52 24.kz
Бірақ олар өз кінәсін мойындамауда.

Алматы облысы, Байсерке ауылы, "Поляна" демалыс аймағының қожайыны мен қызметкерін атты делінген негізгі азаматтар абақтыға жабылды. Бірақ нақты қанша адамның ұсталғаны ресми түрле әлі жарияланбады. Тек бәріне "адам өлтіруге оқталды" деген ауыр баптармен айып тағылғаны мәлім, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Дегенмен, аяғына оқ тиген кәсіпкердің серіктестері қырғын салған қаскөйлер жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Өйткені оқиғаны көзбен көрген куәгерлердің көптігіне қарамастан, күдіктілер "атысқа қатысымыз жоқ, демалыс аймағына жай кәуәп жеуге келгенбіз" деп кінәсін мойындамай жатыр екен.

Георгий Федасов - атысты өз көзімен көргендердің бірі. Байсерке тұрғыны демалыс аймағына сол күні ұлын ертіп келген екен. Баласы өзге демалушылардың балаларымен батутта ойнап жүріпті. Ал өзі атпен серуендеу үшін кезегін күтіп тұрған. Нақ сол мезетте бір топ жігіт кіріп келіп, қырғын салған.

Георгий Федасов, оқиға куәгері:

- Кезекті күтіп алаңсыз тұрғанмын. Қасымда басқа адамдар болды. Бастапқыда не болғанын түсінбей қалдым. Олар қожайынды желкелеп, үйдің артына қарай алып кетті. Содан 1 минут өтер-өтпестен атыс басталды. Қожайынның құлағанын көрдім. Содан қорқып, ұлыма қарай жүгірдім. Олар 15-20 шақты жігіт болатын. Бәрінің қолында қару болды.

Оқиға куәгерінің айуынша, қаскөйлер автомат пен травматикалық қарудан оқ жаудырыпты. Одан қалды, демалыс кешеніне қатысы жоқ өзге келушілерге де қару кезенген көрінеді. Александр Калашников өзін тапаншамен атқанын айтады. Такси жүргізушісі бала-шағасымен демалуға келген клиенттердің бірін алып кетуге келген екен. Абырой болғандай, дер кезінде қашып үлгерген. Ал оған бағытталған оқ көлігіне тиген.

Александр Калашников, оқиға куәгері:

- Клиентті күтіп тұрғанмын. Кенеттен атыс басталып кетті. Жұрт бала-шағасын құшақтап, қаша жөнелді. Қаскөйлердің бірі маған қарай тапанша қаратты. Қайта қашып үлгердім, әйтпесе көлігіме тиген оқ маған тиер еді. 3 балам жетім қалар еді.

Тапа-тал түсте оқ жаудырғандар ұсталды. Бірақ, бәрі бірдей емес. Тек қару асынған негізгі күдіктілер ғана.

Ернар Сайделдин, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысының полиция қызметкерлері негізгі күдіктілерді құрықтады. Олар Алматы қаласында, Алматы және Қостанай облыстарында қолға түсті. Қалған мәлімет тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды.

Полиция демалыс кешеніне баса-көктеп кіргендердің бәрі бірдей мылтық қолданбады деп отыр. Ұсталғандарды куәгерлер танып та үлгерді. Дегенмен, қаскөйлер кінәсін мойындар емес. Айтуларынша, бірі демалыс кешенінің жанынан өтіп бара жатқанмын десе, қалғаны «жай кәуәп жеуге келгенбіз» деп басын ала қашып отыр екен.

Ольга Кузнецова, демалыс аймағының иесі:

- Күйеуімді атқан күдікті бұл іске қатысы жоғын айтып жатыр. Жанынан өтіп бара жатқанмын деп жайбарақат айтып отыр. Тіпті, кездейсоқ куәгермін, демалыс кешеніне кәуәп жеуге келгенмін дейді. Сонда қалай? Қарумен кәуәп жеуге келді ме? Тергеушілер де "мүмкін атқан ол емес шығар, қателеспедіңіз бе" деп біздерге сенбестік танытып отыр. Сондықтан істі жылы жауып қоя ма деп қорқамын.

Атыс болған демалыс кешенінің иелері қаскөйлер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен сенбіде болған. Басынан бақайшағына дейін қаруланған топ ай-шайға қарамастан, демалыс аймағында оқ жаудырды. Атыстан екі адам жараланды. Аяғын оқ тесіп өткен қожайын мен қызметкері ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: