Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада әйелдерді өзіне ғашық еткен соң алдайтын ер адам ұсталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 21:03 24.kz
Оған сеніп қалған әйел қолына 4 миллион теңгені ұстата салған.

Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйел ер адаммен әлеуметтік желіде танысқан. Бірте-бірте ер адам оның сеніміне кіріп, өзінің байланыстары арқылы төмен бағамен пәтер сатып алуды ұсынады. Жәбірленуші келісіп, 4 миллион теңгені жаңа досына береді. Ақша алғаннан кейін ер адам телефон қоңырауына жауап беруді біртіндеп доғарып, содан кейін мүлде байланысты үзеді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті анықталып, қамауға алынды.

Полиция анықтағандай, ер адам осыған ұқсас тағы екі қылмысты жасады деген күдікке ілінген және бұрын алаяқтық үшін сотталған.

Алдау үшін ол романтикалық қарым-қатынаста болған әйелдерді таңдаған. Күдікті сенімге кіре отырып, пәтерді арзан бағамен сатып алуды немесе қымбат телефонды арзанға сатып алуды ұсынады.

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Аалаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: