Жаңалықтар тізбегі
0

Марқұм Дулат Ағаділдің баласын өлтірді деген күдіктілер ұсталды

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 17:47 ktk.kz
Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдемелермен дәлелденеді.

Кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, деп мәлімдеді брифингте тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үшеу, оның ішінде адам өлтірді деген күдікке ілінгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдемелермен дәлелденеді, Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталады. Тергеу барысы бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарланады, - деді Әділов.

10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: