Мені қан қылды! Алматылық қыз такси жүргізушісінен жәбір көргенін айтты
DW
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, жүргізуші жолақыны бірден алып алған.
Алматы қаласының тұрғыны Құралай желіде таксиде болған сұмдық оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, такси жүргізушісі жолаушыны діттеген жеріне жеткізбеген, сондықтан қыз ашуланғанда ол оған тарпа бас салған. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, жүргізуші жолақыны бірден алып алған.
- Басымнан өткен бұл жайтпен бөлісер-бөліспесімді білмей, көп ойландым. Дегенмен бұл адамның әлеуметтік қауіпті екенін көпке жеткізгім келеді. Ол өз кінәсін мойындамайды және полиция бөлімшесі шақырса, келмейді. Ол әлі күнге дейін ұсталған жоқ. Ақымақтық пен аңғалдықтың кесірінен мен оған бірден жол пұлды қолына ұстата салыппын. Бірақ ол мені айтқан жеріме жеткізбеді, ал ашуланғанымда қол көтеріп, мені қан қылды, - деп шағымданды қыз.
Қыздың айтуынша, оқиға үш апта бұрын болған, бірақ қаскөй жүргізуші әлі қолға түспеген.
- Өкінішке орай, мен қазір не істеу керектігін білмеймін, қолымнан түк келер емес. Бірақ мен әлеуметтік қауіпті адамның жүзін өзгелерге көрсеткім келеді. Ол неге іздеу жарияланған адамдар тізіміне енгізілмегенін түсінбеймін? Мен үш апта бойы үнсіз әділеттілік орнайды деп күттім. Енді бұдан әрі шыдай алар емеспін, - делінген Facebook-тағы топтардың бірінде жариялаған жазбада.
Тақырыпқа орай: Алматыда такси жүргізшісінен зардап шеккен жолаушыға қатысты полиция түсінік берді
Такси қызметін ұйымдастырушылар бұл оқиғаға қатысты мынандай мәлімет ұсынды:
- Тұтынушыларды қолдау қызметі қызбен тығыз байланыста. Жүргізушіге қазір біздің қызмет қол жетімді емес, ол бұғатталған, бірақ жүйедегі мәліметке сәйкес, ол қыз айтқан жерге жеткізгенін ескертеміз. Жолаушының айтуынша, көлікте ешкімнің қолында суық қару болмаған. Бұл оқиғада кінә кімнен және жалпы осы жайттың мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы керек деп білеміз, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript