Желідегі видео. Таразыдан ақша "жейтіндер" Көк базардың сатушылары болып шықты

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 17:24 иллюстрация үшін алынды
Қостанай қаласының орталық базары, ел аузында Көк базар деп те аталады екен.

Қостанайдағы орталық базар сатушылары таразыдағы тауар салмағын астыртын арттырып, тұтынушыларды алдаған. Жергілікті тәртіп сақшылары желіде тараған видеоның желісімен рейд жүргізіп, осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz Астана теларнасына сілтеме жасап.

Әуелі бұл видео мессенджерлер арқылы кең тарап, елді елең еткізді. Кейін әлеуметтік желілерге жүктелді. Видеода бейтаныс жігіт саудагерлердің таразыдан қалай "жейтін" жасырын құйтырқы тәсілін жайып салған. Қалың жұрт мұның қай базар екенін білмей дал болды. Түрлі болжамдар айтылды. Ақыры тәртіп сақшылары бірнеше сауда орындарын аралап әлгі таразыны тапты. Бұл Қостанайдағы "орталық базар" болып шықты, оны "Көк базар" деп те атайды..

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- WhatsApp желісінде жарияланған оқиға өкінішке қарай Қостанай қаласынан анықталды. Нақты айтқанда, Қостанай қаласындағы орталық базар. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес, яғни "Тұтынушыны алдау" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: