Шымкентте сұйылтылған газды заңсыз экспорттағандар ұсталды
иллюстрация үшін алынды
Бюджетке жалпы сомасы 110 млн.теңгенің 720,8 тонна сұйылтылған газы қайтарылды.
Шымкентте сұйылтылған газдың аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандасы мен заңсыз тасымалдау деректері анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласының екі тұрғыны 2017 жылдан 2020 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта жалған құжат жасай отырып, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының аумағына 700 тоннадан астам сұйылтылған газды заңсыз тасымалдаған және экспорттаған.
"Шымкент қаласының Абай аудандық соты іс бойынша екі айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды (ҚР ҚК-нің 234-б. 2-б. 1) және 4-тармақтары, 197-б. 4-б. 2-тармағы). Бюджетке жалпы сомасы 110 млн.теңгенің 720,8 тонна сұйылтылған газы қайтарылды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript