Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде Каспийдегі итбалықтардың қатерлі жағдайы түсірілген видео жарияланды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 17:43 inform.kz
Баймұқанов бұл мұзжарғыштың экипажы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 257-бабының 5-тармағы -"Пайдаланудың шектеулі режимін" бұзғанын атап өтті.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде "Тұлпар" мұзжарғыш кемесінен мұз үстінде жатқан итбалықтардың видеосы түсірілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Гидробиология және экология институтының Батыс Қазақстан секторының меңгерушісі Тимур Баймұқанов "Лада" басылымына берген сұқбатында Каспий итбалықтарының көбейетін жерінен мұзжарғыш кемелер өте жиі өтетінін, бұл жаңа туған итбалықтардың өліміне әкеліп соғатынын айтқан.

Баймұқанов бұл мұзжарғыштың экипажы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 257-бабының 5-тармағы -"Пайдаланудың шектеулі режимін" бұзғанын атап өтті.

Заңға сәйкес, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін қазан айынан бастап мамыр айына дейін мұнай операциялар олардың шоғырланған жерлерінен 1852 метрден (1 теңіз милі) алыс емес жерде жүргізілуі керек. Мұздардың көшуіне байланысты итбалықтардың шоғырланған жерлерін анықтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау қажет.

Қаңтардан наурызға дейін теңіздегі итбалықтар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне күшіктеу үшін қоныс аударады. Бірақ олардың тыныштығын мұзжарғыштар бұзады. Олар итбалықтардың көбеюіне негіз болатын мұз қабатын бұзады. Мұзжарғыштар итбалықтардың анасын баласынан ажыратады. Видео кадрларынан көрініп тұрғандай, итбалықтардың күшігі мұз бетінде жалғыз жатыр, жақын маңда анасы байқалмайды, оны, әрине мұзжарғыш үркітіп үлгерген деп болжауға болады. Күшіктердің тірі қалуға мүмкіндігі жоқ. Себебі жаңа туған Каспий итбалықтары бір жасқа жеткенше суға түсе алмайды, өйткені жүндері жоқ, сондықтан суық судан жеткілікті қорғана алмайды, - дейді Баймұқанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: