Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жедел жәрдем жүргізушілері ереуілге шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 21:48 видеодан кадр
Олар жалақыны көтеруді талап етті.

Ақтөбеде жедел жәрдемдегілер жедел көмекке мұқтаж. Наразы жүргізушілер жалақыларын көтеруді сұрады. Әйтпесе, азын-аулақ қаражат ештеңеге ауыспайды деп отыр. Қызметкерлердің талабы орындалды ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бекеттегі жұмыс істейтін 200-ден астам жүргізушінің бұл бір парасы ғана. Кезекшілігін атқарып, демалып жатқандар ғана жиналыпты. Бірақ, мәселе бәрімізге ортақ деп отыр. Жалақы мәселесін көтеріп жүргеніндеріне 5 жылға таяпты. Қазір кейбірі ғана айына 85 мың теңге жалақы алып отыр екен. Өзгелерінікі бұдан төмен көрінеді.

Жаңбырдай Әбдин, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

Класность деген бар, не деген бар. Ол 85 мың теңге деген – потолок, ондай деген редко алады. "Мерседестер" бар, үлкен, транспортировочный машиналар. Сосын жеңіл "Нивалар" бар. Соны неге көтермейсіңдер, неге әрбіреуіміздікі әртүрлі десек, "сіздердікі "Нива" ғой дейді. Біздің кінәмыз жоқ ғой. Скорая помощта "Нива" жүргенін қашан көрдіңіздер? "Нива Шевролетпен" желкеңнен жөтеліп келе жатады. Неше түрлі ауруды тасимыз.

Абат Ашықбаев, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

Біздер детская бригадада жүреміз, тасисың пневмонияны, онда төленбейді. Сіздерге не положено дейді. Продукты, бәрі көтеріліп кетті. Уже осы жерде тұрған халықтың жартысы, бәрі кредитте отыр. Ақтамайды. Анадан біреуден аласың, мынадан біреуден алып төлейсің.

Жинағандар жылдың басында жалақы көбейеді екен деген жағымды жаңалықты естіпті. Алайда, ол санатқа тек бригададағы дәрігер мен фельдшер кіретінін білген. Бәрінің шамына тиіп тұрғаны да осы. Әйтпесе, барлық техникалық жабдыққа жауап беру біздің мойнымызда дейді.

Қаныбек Асқаров, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

Бізде баяғыда фельдшермен бір 10 мың различие болды. Фельдшерлер 100 алса, біз 90, солай алып жүретін едік. Ал қазір вообще жоқ, қалай 85 болды – солай қалды.

Қарамағындағылардың жанайқайынан басшылық да хабардар. Бас дәрігер жүргізушілердің жалақысының өскенін біз де құп көреміз, өйткені, олар жауапты істі бір кісідей тындырып жатыр дейді.

Марат Жанқұлов, жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

Біздің қолымыздан келетінді мен уже басшылыққа жеткіздім, айттым. Біреуін жаңағы профосюзная организация "Сенім" деген бар, соған жаздық бір хатты. Мынау екінші хатымыз. "Правление национального центра экстренной медицины", оларға да жаздық. В надедже, что олар минфинге , минздравқа жеткізетін шығар деп.

Қазір облыстық жедел жәрдем бекетінде 250-ге тарта жүргізуші бар. Күніне 1300 шақырту түседі. Бас дәрігердің айтуынша, пандемия кезінде жүргізушілерге 100 мың теңге үстемақы және екі мәрте 34 600 теңгеден төлеген. Қаражат облыстық қазынадан бөлініпті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: