Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда қоқыстан бөлшектелген кісі денесі табылды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 16:12 иллюстрация үшін алынды
Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал, көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшіктеріне бөліп тастаған.

Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіргенімен қоймай, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа лақтырған. Қанды қылмыс өткен аптада тіркелді. Алайда оның жай-жапсары енді ғана жария болып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Жан түршіктірерлік оқиға Арман есімді жігіттің Университеттік көшесі 19-шы үйінде болған. Көршілердің айтуынша, 2-наурыз күні ол бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген.

Александр ПОСТНИКОВ, КУӘГЕР:

- Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. Данияр сенің қасыңда ма? - деп сұрадым. Ол жоқ, көрмедім деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы.

Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал, көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшіктеріне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыс іс қозғалған.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсету шараларын берді. Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Көршілердің білуінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасайтын болған. Есірткіге де әуестігі бар деп қалды. Кісі өлтірген 33 жастағы азамат мұнда жалғыз тұрады. Жүйкесі сыр бергендіктен туыстары оны жалғыз қалдырған дейді тұрғандар. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен 8 жыл жазасын өтеп шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: