Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаш көлінде тыйым салынған тәсілге барған браконьер-балықшы ұсталды 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 21:51 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Балқаш көлінде полицейлер тыйым салынған тәсілмен заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады.

Балқаш АПБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзуды болдырмау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде арнайы шаралар жүргізеді. Осындай шара барысында Қараөзек ауылынан 3-4 шақырым қашықтықта Балқаш көлінен заңсыз балық аулаушы тұрғынды ұстаған, дейді облыстык ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 1985 жылы туған Құйған ауылының тұрғынының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған пластикалық ауды пайдаланғаны анықталды. Қазіргі уақытта материалдық шығын есептелуде, - деді Балқаш АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Азамат Абдрахманов.

Тәртіп сақшылары қолға түскен браконьерден 100 астам балық тәркілеп, арнйы қабылдау орындарына өткізген. Тәркіленген балықтан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылатынын атап өткен қажет.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 21:51

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 21:51

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: