Жаңақорғанда қалың қардан 50 уақ мал қырылды
![Tariq Sawyer / National Geographic, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 15:24](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-429c44f5-2286-452b-96b9-9f10fb4b54ed/800x452.webp)
Шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Жаңақорғанда қойшылардың қар астында шамамен 50-ге жуық малы қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Тау беткейінде орналасқан Сүттіқұдық, Қосүйенкі , Қыраш ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонынан 6 қызметкер, 1 техника, ал аудан әкімдігінен 8 қызметкер , 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5383 уақ мал болғандығы анықталды. Алайда бұл нақты сан емес. Бүгінде комиссия құрылды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін боламыз,-деді Руслан Сламбекұлы.
- 12,13, наурыз аралығында ауа райы күрт құбылып, 246 шақырымды құрайтын Қызылорда-Түркістан автожолы екі мәрте жабылды. Шиелі, Жаңақорған ауданында 11 техника жұмылдырып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысына кедергі жоқ. Апаттық жағдай орын алмады, -деп қосты "ҚазАвтоЖол" ҰҚ"АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлыбек Үсенов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript