Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

kabar.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2021 15:48 kabar.kg
Оған сатқындық жасады деген айып тағылды. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиков "сатқындық жасады" деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігі 13 сәуірде Қырғыз Республикасы Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті екі азаматты сатқындық жасағаны үшін ұсталғандығы туралы ақпарат таратқанын хабарлады.

Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті "бұлтартпас дәлелдер тәркіленді" деген мәліметпен де бөлісті.

Кейінірек саясаттанушы Марат Қазақпаев пен Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковтың ұсталғаны белгілі болды.

Алдында Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған еді. Екеуі де бір айға қамауға алынды. Қамауға алынғандар ҰҚК тергеу изоляторына қамалады.

Сатқындық туралы қылмыстық іс құпия болып табылады. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: