Мұндайды ешқашан көрмеппін! Қостанайдың жолында мұз көшті

alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 19:11 alau.kz
Жолаушылар көлігі басқармасы 18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан су бетіндегі сең қозғалып, тас жолды жауып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Alau.kz редакциясына осы табиғат құбылысының куәгері видео жолдап, өз әсерімен бөліскен.

Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін, - дейді кадр сыртындағы адам.

Жолаушылар көлігі басқармасы 18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Сең көшкіні 500 метрге жуық жолды жауып тастады. Мұздың биіктігі 5 метрге дейін жетеді.

19 сәуірде таңғы сағат 8.00-де жолды биіктігі 5 метр мұз жапты. Бұл - табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желдің салдарынан болды, - деді Жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Олжас Нұрғалиев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: