Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте белсенділер ұсталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2021 18:35 24.kz
Өңір "қызыл" аймаққа жатқызылғандықтан, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамағандардың наразылық акциясы полицияның келуімен аяқталды.

Шымкентте көл жағасында пикет ұйымдастырмақ болған бір топ белсенді ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бірнеше жылдан бері көлге ағынды сулар келіп түсіп, айналаға жайылған қолаңса иістен қатты зардап шегіп жүргендерін айтты.

Бірақ, КТК мәліметі бойынша, өңір "қызыл" аймаққа жатқызылғандықтан, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамағандардың наразылық акциясы полицияның келуімен аяқталды.

Менің қызым адамдардың денсаулығына зиян келтіріп жатқан осы көлдің мәселесін көтеруге тырысты. Ол қоғам назарын осы мәселеге аударғысы келіп, бүгін әкімдіктен адамдарды шақыртып, көршілермен кездестірмек болған. Бірақ таңертең полиция келіп, ешнәрсе түсіндіріп жатпастан оны алып кетті. Үстінде жатарда киетін киімі, қолында сәбиі болған. Бірақ олар бұған қарамай, қоқыс қабы секілді оны көлікке лақтырып, тығып жіберді, - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрлыкүл Өсербаева.

Нәтижесінде мұнда жиналғандар сасық көлдің жайын ұмытып, полициядан оны тез арада босатуды талап етті. Сәтсіз митингіге келген тәртіп сақшылары бұл жағдайға ешқандай түсінік берген жоқ. Тұрғындардың сұрақтарына олармен бірге келген шенеуніктерден ғана жауап болды. Олар жағдайдан қанық болғанын жеткізді, мүмкін болса, көлді үш шақырым ары қарай жылжытуға уәде берді. Ал ұсталған тұрғын кейін полициядан босап шықты.

Мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшылығымен сөйлестім және оған барлық жағдайды түсіндірдім. Дренажды жылжыту үшін экологиялық сертификат, сондай-ақ жауын-шашын канализациясын орнатуға арналған арнайы құрал-жабдық жасау қажет. Біз олардан осы жабдыққа қатысты мәселені шешуін сұрадық, және біз өз тарапымыздан бұл полигонды басқа жерге шығару үшін бәрін жасаймыз. Қазірдің өзінде келісімге қол жеткіздік, - деді "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС директоры Анарбек Орман.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: