Жапонияда химиялық зауытта жарылыс болды

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 15:30 gazeta.ru
Зауыт Sakai Chemical Industry компаниясына тиесілі. Ол косметикалық өнеркәсіпке арналған мырыш ұнтағын шығарумен айналысады.

11 мамырда Жапонияның Фукусима префектурасындағы Иваки қаласында химиялық зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша, жарылысқа ұқсас дүмпу туралы мәліметтер жергілікті уақыт бойынша 7.45-те хабарланған. Содан соң жұрт Фукусима префектурасының Иваки қаласындағы зауыт аумағынан будақтаған түтінді байқады.

Оқиға салдарынан кем дегенде төрт адам жарақат алғаны айтылады. Олардың барлығы аман, естерін біледі. Бірақ алған жарақаттары туіралы мәлімет әлі нақтыланған жоқ.

Жарылыстан кейін ғимаратта өрт шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Зауыт Sakai Chemical Industry компаниясына тиесілі. Ол косметикалық өнеркәсіпке арналған мырыш ұнтағын шығарумен айналысады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл кәсіпорын зиянды заттарды өңдеумен айналыспайды, ондай мәлімет жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: