Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл шөп аз. Маңғыстау облысында ірі қара мал қырылуда

baseke_team, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2021 21:09 baseke_team
Қайда барса да қазаққа ет пен сүт керек.

Маңғыстау облысында жердің құрғап кетуі мен қатты ыстықтан ірі қара мал қырылуына байланысты әулеметтік желіде ақпараттар тарап, адамдардың үрейін алуда, деп хабарлайды zakon.kz baseke каналына сілтеме жасап.

Аймақтың ауыл шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасуда. Фермерлер жылқыларын жайылымға әкелу барысында жолда шамамен 10 жылқы өлді.

Жаңбыр болмағандықтан, шөп нашар шыққан, соның салдарынан мал азығы қымбаттауда. Шаруа қожалықтары аймақта төтенше жағдай жариялауды және сүт пен етке субсидия бөлсе деп сұрауда. Бұл жылда қайталанатын жағдай.

Ежелден жаз жайлау, қыс қыстауға еркін көшіп-қонып, кеңбайтақ даланы мыңғыраған малға толтырған қазақ халқы үшін атакәсібі - мал шаруашылығы күн көрудің көзі болып келді. Өмірдің өзгермес шындығы сол, қайда барса да қазаққа ет пен сүт керек.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин "Жұмыс тобы құрылып, кездесулер қорытындысы бойынша арнайы ұсыныстар әзірленіп, үкіметке беріледі", деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы саласына қолдау жасаймыз деген кезекті ұмтылыс түпкілікті нәтиже бергенше тиянақты, жүйелі жүзеге асырылса екен, арты сұйылып, ақыры берекесіз бітетін шикі реформалар жойылуы керек.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: