Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 15:56 видеодан алынды
Жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген.

Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған. Ветеринарлардың айтуынша, төрт түлікке суық өткен, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

- Міне, ауылдың ешкі-қойы. Жаңбырдың пайдасы. Қой деген қырылып қалды. Бір сыпырасын таратып жібердік.

Бұл видеоны Шалқар ауданындағы Шоқсу ауылының тұрғындары түсіріп алған. Шойын жол бойындағы ауыл мен 79-разъездің 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген. Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді дейді ветеринарлар.

Иса Базаров, Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы:

- Малды, ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жаулауға шығарған. Енді уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: