Алматыда екі троллейбус соғысып қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 22:52 zakon.kz
Соққының жойқын болғанына қарамастан, бір адам ғана жарақат алды.

Алматыдағы Достық даңғылында, Қарасай батыр көшесімен қиылысатын жерде 11-ші және 25-ші маршруттың екі троллейбусы соғысты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

11-ші троллейбус жолаушыларды түсіру үшін аялдамада тоқтап тұрған. Түсетін адамдары түсіп, енді қозғала бергенде 25-ші троллейбус оны арттан келіп соққан екен.

Соққының жойқын болғанына қарамастан, бір адам ғана жарақат алды. Ол – арттан келіп соғылған 25-ші троллейбустың әйел-жүргізушісі. Жолаушыларға түк болмады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем жүргізушілері жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйтсе де жол апатына кінәлі әйел ауруханаға барудан бас тартты.

Ол кісі алдындағы троллейбусты соғуға не себеп болғанын түсіндіре алмады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 22:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 22:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 22:52

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: