Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда танымал сот сарапшысы ақталып шықты

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 17:26 24kz
Метелевке алты жасар Лиза Пылаеваның өліміне байланысты қозғалған іс бойынша қасақана жалған айғақтар берді деген айып тағылған.

Алматыда Эдуард Метелевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасақана жалған айғақтар берді деп айыпталған сот сарапшысы Эдуард Метелев ақталып шықты.

Метелев Эдуард кінәсіз деп танылып, іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмағаны үшін ақтауға жатқызылсын. Оған тағайындалған тұрғылықты жерінен басқа жаққа кетпеу туралы жазбаша түріндегі бұлтартпау шарасы осы үкім заңды күшіне енгеннен кейін жойылсын. Заңсыз қудалау үшін келтірілген зиянды өтеу құқығы негізді деп танылсын, - деді судья Иманқұлов үкімді оқу кезінде.

Метелевке алты жасар Лиза Пылаеваның өліміне байланысты қозғалған іс бойынша қасақана жалған айғақтар берді деген айып тағылды. Қыз 2019 жылдың мамыр айында қайтыс болды. Оның денесі бақтағы ескерткіштің түбінен табылды. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі қыздың мойын омыртқалары сынғанын, денеде бірнеше жарақат табылғанын көрсетті. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Содан бері екі жыл өтті, бірақ күдіктілер әлі ұсталған жоқ.

Бұл іске сот сарапшысы Эдуард Метелев тартылды. Ол қыздың денесіндегі жарақаттар жыртқыштың тістеуінен болуы мүмкін деген болжам жасады. Тергеушілер Метелев бұл іс бойынша сараптама нәтижелерімен танысу фактісін жасырды деп санап, ол сотқа тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: