Жаңалықтар тізбегі
0

Жалған ПТР-тест. Алматыда екі медициналық орталықтың басы дауға қалды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2021 18:54 24kz
Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда "Достар Мед" және "Сұңқар" жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды.

Алматыда үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР-тест нәтижелері мен вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасағаны әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда "Достар Мед" және "Сұңқар" жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің вакциналау төлқұжатын сатқаны және вакциналарды No4 емханада заңсыз жойғаны анықталды.

Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері, орталықтың екі медбикесінің көмегімен ақшалай сыйақыға ПТР-тест бойынша биоматериал алмай-ақ теріс нәтиже белгілеуді ұйымдастырды.

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының бұрын алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған эндоскопист-дәрігері ұсталды. Жеке тінту кезінде ПЦР-тест анықтама қағазы, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленіп алынды.

Сонымен қатар No4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғаны туралы журналға өтірік тіркеумен айналысқанын мойындады. Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: