Қаскелеңдегі жантүршігерлік жол апаты. 18 жасар джип жүргізушісі қамауға алынды
ашық дереккөздерден алынды
Қайғылы оқиға 6 шілдеде орын алды. Жол апаты кезінде опат болған келіншектің туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.
Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік жүргізушісі мен жолаушы келіншек қаза тапты. Марқұм келіншектің аяғы ауыр болған, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысының полиция департаменті Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысына сәйкес, салдарынан екі адам қазақ тапқан 2021 жылдың 6 шілдесінде Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының 25 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша күдікке ілінген Land Cruser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты екі ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі алдын-алу шарасы санкцияланды, деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 6 шілдеде орын алды. Жол апаты кезінде опат болған келіншектің туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Опат болған 23 жасар көлік жүргізушісі Семейден келген, ол сол күні аяғы ауыр келіншекті үйіне апарып тастамақ болыпты. Бірақ әйел сол күйі үйіне жетпей қалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript