Алматыда Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды

Kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 17:06 Kursiv.kz
Бір күн бұрын Әбдіғаппаровтың әйелі баспасөз конференциясын ұйымдастырған еді.

Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотында айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметі Әбдіғаппаров "басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз иемдену немесе жымқыру" бойынша күдікке ілінді деп түсіндірді.

Бір күн бұрын Әбдіғаппаровтың әйелі баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Оның айтуынша, Әбдіғаппаров сенбі, 24 шілдеде ұсталған. "Время" газетінің хабарлауынша, бұл іс Esentai City маңындағы виллалардың сатылымымен байланысты. Алмас Әбдіғаппаровтың 420 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені атап өтілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: