Алексей Полторанин Альпі Кубогында алтыншы болып келді

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2019 16:55 inform.kz
Бұдан бір күн бұрын қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 шақырымдық қашықтықта сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

Словениялық Планицада шаңғы жарыстары бойынша Альпі Кубогы аяқталды. Бағдарламаның соңғы түрі еркін әдіспен 20 шақырымдық масс-старт жарысы болды. Онда Қазақстан командасының көшбасшысы Алексей Полторанин алтыншы болып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Полторанин алтыншы болып келгендіктен, подиумға екінші рет шыға алмады. Бұл додада Австрия спортшысы Макс Хауке жеңіске жеткен. Екінші болып мәре сызығын польшалық Доминик Буры кесіп өтті. Үздіктер үштігіне сондай-ақ Австрияның тағы бір шаңғышысы Бернард Тритщер енген.

Бұдан бір күн бұрын қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 шақырымдық қашықтықта сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

Полторанин аталған Кубокқа қатысу арқылы Австриядағы әлем чемпионатына дайындық бағдарламасына кіріп отыр.

Ол 20 ақпан күні басталады. Альпі Кубогы FIS-старттар бағдарламасына кіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: