Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті

Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2026 09:05 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында сенімді түрде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы атанған Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Кездесу 3 сағат 2 минутқа созылып, 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6) есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Матч барысында Рыбакина 7 рет эйс жасап, 8 қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол мүмкін болған 8 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті пайдаланды.

Ал қарсыласы 6 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың 3-еуін ғана жүзеге асырды.

Бұған дейін теннисші Даниэль Тазабеков жасөспірімдер арасында Франциядағы турнирдің финалына жолдама алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: