Рыбакина Римдегі турнирде әлемнің экс-бірінші теннисшісін ойсырата жеңді

Рыбакина Римдегі турнирде әлемнің экс-бірінші теннисшісін ойсырата жеңді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 11:55 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, ол төртінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкованы (WTA рейтингінде 130-орын) 6:0, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесу 59 минутқа созылды. Бұған дейін теннисшілер төрт рет кездесіп, барлық матчта Рыбакина жеңіске жеткен.

Енді Римдегі турнирдің ширек финалында Елена Рыбакина әлемнің оныншы ракеткасы, украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі.

Бұған дейін "Барселона" құрамасы "Реал Мадридті" жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: