Рыбакина Нинбо-2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Рыбакина Нинбо-2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 17:46 Сурет: instagram.com/wta
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Рыбакина ширек финалда аустралиялық Айла Томляновичпен (WTA рейтингінде №104) кездесіп, 57 минутқа созылған матчта қарсыласын ойсырата жеңді.

Кездесу нәтижесі – 6:2, 6:0.

Бұл жеңіс Еленаға турнир финалына бір қадам жақындауға мүмкіндік берді. Ол келесі айналымда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Паолини (турнирдің екінші ракеткасы) өз кезегінде ширек финалда швейцариялық Белинда Бенчичті 5:7, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан.

Маңызды матч 18 қазан күні өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен спортшы маусым қорытындысы бойынша өтетін жылдың шешуші турниріне қатысу мүмкіндігін арттырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: