Қарағандыда қиын жағдай бола жаздады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2021 17:25 видеодан алынды
Қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап етті. Оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.

Қарағандылық тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетінің арқасында бизнес орталық алдындағы жағдайдың шиеленісуіне жол берілмеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келді. Наразылық танытқан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Абай көшесі, 8 үй мекен-жайындағы бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналды. Қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап етті. Оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, тренингке келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазіргі уақытта қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды. Айта кету керек, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті бұзуға және тәртіпсіздіктерге жол берілмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: