Алматыда теміржол қызметкерін атып кетті

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 17:23 zakon.kz/ Павел Михеев
Бақытқа орай, ол дін-аман. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. "Наган" револьвері тәркіленді.

Алматыда теміржолшыны өлтіріп кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі ПД хабарлағандай, Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады.

26 шілдеде Көліктегі ПД-ның Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. деген ер адамға шабуыл жасалғаны, салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. "Наган" револьвері тәркіленді, - деді полиция генерал-майоры.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: