Братуха. Желіде тәртіп сақшысын мазақ еткен видео тарады
pixabay.com
Кадрда белгісіз ер адам тәртіп сақшысына тіл тигізген сәт түсірілген, бірақ полиция қызметкері психологиялық шабуылға жауап бермей, құтылуға тырысады.
Қостанай облысында тәртіп сақшысын мазақтап, видеоға түсіру фактісі тексерілуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Инстаграмда тексеру жүргізуге түрткі болған видео жарияланды, деп хабарлайды "Алау".
Кадрда белгісіз ер адам тәртіп сақшысына тіл тигізген сәт түсірілген, бірақ полиция қызметкері психологиялық шабуылға жауап бермей, үндемей құтылуға тырысады.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Қостанай полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлімі, "Қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкіліне тіл тигізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына жегу, не болмаса 20 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады, деп хабарлады департаменттегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript