Боран борап тұр. Желіде тәртіп сақшыларының видео үндеуі тарады
Облыстық полицияның баспасөз қызметі тәртіп сақшыларының видео үндеуін желіге таратты.
Қатты бораннан тәртіп сақшыларының сөздері толықтай естілмейді.
Сарысу ауданында қатты боран ұйытқып тұр, ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолға шықпауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер 29 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады деп хабарлаған болатын.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, таулы аймағында және тау бөктерінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін, облыстың оңтүстік-батысында 23-28 м/с дейін, таңертең және күндіз 30 м/с дейін күшейеді.
29 қаңтарда сағат 12: 20-дан бастап облыстық маңызы бар "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас - Саудакент" тас жол учаскесінің 66-140 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп нақтылады полициядағылар.