Алматы полициясы көлік иелерін көліктерін тек белгіленген жерге қоюға шақырады
Сурет: Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
2025 жылдың 8 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік құралдарының қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін жауын-шашын кезеңінде көшелерді уақтылы тазалау қажет, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады.
"Полицияның бұл үндеуі ауа-райының және қаладағы жол қозғалысы жағдайының нашарлауына байланысты. Қала көшелеріне көптеген коммуналдық көліктер шыққаны белгілі. Көліктердің дұрыс қойылмауынан кей жерлерде қар шығару және жолды тазалау айтарлықтай қиындауда. Кеңселер мен мекемелер көп шоғырланған жерлерде азаматтар жол ережесін елемей, көліктерін ретсіз қояды. Біріншіден, заң бұзушылық бар. Ал, екіншіден, бұл қар тазалайтын техникаға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Осыған байланысты көлік иелеріне үндеу жасап, көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Біздің қала — бұл біздің үйіміз. Біз бірге осы жерде ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек", — деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Спикердің айтуынша, шаһар көшелерін 150-ге жуық патрульдік полиция жасағы мен әкімшілік полицияның мамандандырылған батальоны күзетеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жалпы жол жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Осыған байланысты жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция бөлімшелерінің тығыздығы арттырылды.
"Қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайды. Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, орындалатын маневр туралы басқа жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала ескертуге шақырамыз. Жолдардағы қауіп-қатер туралы ескертеміз және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өз өмірлерін, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді сұраймыз", — деді полковник Шумаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript