Зейнеткерлер мен мүгедектерді алдаған алаяқ 6 млн теңгені үптеген

zakon.kz/Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 20:59 zakon.kz/Павел Михеев
Зардап шеккендер - зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, 33 жастан 73 жасқа дейінгі мүгедектер, Есік қаласы мен Бәйдібек, Көксай, Саймасай және Бәйтерек ауылдарының тұрғындары.

Алматы облысының полициясы бірқатар қылмысқа қатысы бар алаяқты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, азаматтарды 6 миллион теңгеге тақырға отырғызған алаяққа қатысты барлығы 10 қылмыстық іс қозғалған.

Зардап шеккендер - зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, 33 жастан 73 жасқа дейінгі мүгедектер, Есік қаласы мен Бәйдібек, Көксай, Саймасай және Бәйтерек ауылдарының тұрғындары.

Ұсталған Есік қаласының 33 жастағы тұрғынының айтуынша, ол өз құрбандарын құжаттарды рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келген кезде қолға түсіріп отырған. Өзін танысы бар білікті маман ретінде көрсете отырып, ол зейнетақыны, балалар жәрдемақысы мен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны тіркеп беруді немесе оның сомасын өсіріп беруді ұсынған. Екі жыл ішінде қаскөй аңғал азаматтардан 170 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, - дейді тергеуші Асқар Қызайбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: