Алматыда тепловоз жеңіл көлікті қақты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:52 zakon.kz
Апат салдарынан көліктегі жолаушы зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылы мен Іле трассасы аралығындағы теміржол өткелінде (70-ші разъезд) орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс бағытта келе жатқан Toyota Camry теміржол өткелінің үстіне шыққан. Сол кезде оның бір бүйірінен тепловоз келіп соғады.

Toyota Camry ұшып барып, жол жиегіндегі кедергіге соғылды.

Осыдан кейін көлік жолдан шығып, теміржол рельсінде қалып кетті.

Апат салдарынан көліктегі жолаушы зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:52

Toyota жүргізушісі теміржолға жақындағанда шлагбаумның ашық тұрғанын, ескерту беретін автоматика құрылғысы ешқандай дыбыс бермегенін айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:52

Барлық жайт апат болған жерге жақын маңдағы "Сергек" камерасынан тексеруге уәде етілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:52

Жол полициясы қызметкерлері апат орнында жұмыс істеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:52

Істі қарау барысында 70-ші разъезд жолдары түгелдей жабылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: